Global Atomic Quiz
ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!

Сәлем!

Біз сені Global Atomic Quiz 2023 халықаралық білім беру жобасының қатысушылары арасында қарсы алуға қуаныштымыз! Алда сені әртүрлі деңгейде және түрлі тақырыптарда 20 сұрақ күтіп тұр. Олардың кейбіреулері ЖИ - пен бірге дайындалған. Олардың барлығы үш санатқа бөлінеді:

  • "Шындық па, жалған ба?"- сен мәлімдеменің шын екенін анықтауың керек.
  • "Сенің таңдауың" - сен 4 нұсқадан бір дұрыс жауапты таңдауың керек.
  • "Сұрыптау" - сен аталған жауап нұсқаларын дұрыс ретпен орналастыруың керек.

Кейбір сұрақтар нейрожелілер арқылы дайындалды. Мұндай сұрақтар қалғандары арасында арнайы ерекшеленеді. Айтпақшы, барлық суреттер нейрожелілер арқылы жасалған!

Таймерге назар аудар! Ол сен әр сұрақтың жауабын қанша уақытта таңдағаныңды қадағалайды. Бірақ бір минут ішінде барлық викторинаны аяқтауға асықпа! Сен асықпай, кеңейтілген жауаптарды мұқият оқи аласың - таймер сен келесі сұраққа көшпейінше тоқтап тұрады.

Басты кеңес: аса ұзақ ойланба – бұл викторинаны ғаламтордан іздемей-ақ өз бетіңше өтуің керек. Викторинадан бірнеше рет өтуге тырыспа, біз оны көреміз, мүмкін сенің нәтижеңді де сол үшін жоямыз.